Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 26-28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, елдің батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына атмосфералық қысым жоғарылауы әсер етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағына әлі де атмосфералық фронталь бөлімдер әсер етеді. Боран аралас қар жауады және жел күшейеді деп болжанып отыр.

"Республика бойынша ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс болмайды, алайда елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 3 градус аяз - 2 градус жылы температураға, солтүстік және таулы аудандарда 8 градус аязға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова