Павлодарда көшеде ер адамның денесі табылды

Павлодарда көшеде ер адамның денесі табылды
Фото: Pavlodarnews.kz / Константин Шелков

Павлодарда көшеде ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның денесі қаладағы Естай көшесінде табылған. Марқұмның денесінде зорлық белгілері болмаған. Көшеде денесі табылған адамның 59 жаста екені ғана белгілі. 

"Бұл мекенжай бойынша жедел тергеу тобы шықты. Ер адамның жеке басы анықталды. Қайтыс болу дерегі бойынша сараптама тағайындалды", - деді жергілікті ПД өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина