25 қаңтарда республиканың жеті өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

25 қаңтарда республиканың жеті өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pixabay.com

2023 жылғы 25 қаңтарда республиканың жеті өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктерінің болжамынша, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

25-27 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте 25-27 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі. 

Қостанай облысының солтүстігінде күндіз жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан