Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалыс шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалыс шектелді
Фото: "ҚазАвтоЖол"

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-ның Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы өңірлік филиалдарының күштері мен құралдары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Ведомство өңір тұрғындарын алыс сапарға шықпауға шақырды. Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.

Абай облысында тіркемелі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін "Омбы-Майқапшағай" (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) және "Алматы-Өскемен" автожолдарында (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) қозғалыс шектелді.
 
Автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төмендегі жол учаскелерінде шектелді:
1. "Өскемен-Семей" тасжолының Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейінгі аралығы;
2. "Омбы-Майқапшағай" тасжолының Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі аралығы;
 
ШҚО-да тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолының Қалбатау ауылынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жетісу облысында "Үшарал-Достық" күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина