Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: pixabay.com

20 қаңтарда Қазақстанның екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

20 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде тұман болады. Шығыстан жел соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда күн жылына бастайтынын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан