"Өлім тілеген". Жұртты шулатқан танымал жұптар кімдер?

"Өлім тілеген". Жұртты шулатқан танымал жұптар кімдер?
Фото: Instagram

Танымал өнер иелерінің өмірі әлеуметтік желі арқылы қызу талқыға түсіп жатады. Әсіресе, жеке өмір, жұп ретінде қарым-қатынастары бәріне қызық. Кеше ғана танымал әншілер Ерке Есмахан мен Raim-ның жаңалығы жұртты шулатқан еді. Massaget.kz тілшісі жеке өмірлері қызу талқыға түскен қандай жұптар барына шолу жасады.

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина

Көптің көзайымына айналған өнердегі жарқын жұптың бірі - Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина. Биыл олардың шаңырақ көтергеніне 24 жыл болады. Олар 1999 жылы 20 тамызда үйленген. 

Бұл жұп та шаңырақ көтерген кезде қалың көпшілік арасында түрлі қауесет тараған екен. Қарақат Әбілдина Желіде қалай шаңырақ көтергендері туралы жазба жариялаған еді. Оның сөзінше, түрі кішкентай болған соң жұрт "18 жастағы қыз" деп шулаған екен.

"Қыдекеммен 4 жыл танысып жүріп, төртінші жылда шаңырақ көтердік.
- Оқуымды аяқтамай тұрмысқа шықпаймын, - дедім.
- Уайымдама, оқуыңды аяқтайсың. Бәрі жақсы болады, - деп уәде берді. Уәдесінде тұрды.
21 жасымда, 4-курсқа көшкен кезде шықтым тұрмысқа. Басылымдар, жаңалықтар "Қыдырәлі 18 жастағы қызға үйленді" деп шулатты. Түрім бөпе көрінген ғой", - деді ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Қыдырәлі Болманов 1964 жылы 19 мамырда дүниеге келген. Ал Қарақат Әбілдина 1978 жылы 7 наурызда туған. Демек, аралары - 14 жас. Қыдырәлі 35 жаста, ал Қарақат 21 жаста болған кездерінде отбасын құрған. Жұлдызды жұп қазір 4 ұл және 2 қыз тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ, былтыр Қыдырәлі Болманов Желідегі оқырмандарынан сүйінші сұрап, Аяланың артынан тағы бір қыз бала ергенін, Қарақаты "өмірге балпанақтай бөпе әкелгенін" жазған еді. 

Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш

2019 жылы Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 82 жасқа қараған шағында үйленген еді. Оның таңдауы журналист қызға түскен. Жарының есімі - Жадыра Сейдеш. Олар той да жасаған. Ал той сол жылы 26 тамызда Алматыда өткен.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты күтпеді. Сондықтан олар таңғалғанын жарыса жазды.

"Қай бетімді шымшиын, масқара", "Артынан сөз ілеспеген санаулы өнер адамдарының бірі еді", "Елді шулатпай-ақ некелерін қия салмады ма екен?", "Əрине, бақытты болсын, дегенмен қария болған шағында өте жас қыз, немересіндей, ұят болды ғой", - деді пікір білдіргендер.

Расында да, бұл ел күтпеген жаңалық десек те болады. Өйткені әнші Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы дүниеге келген. Ал оның жары 1982 жылы туған. Демек аралары едәуір үлкен. Бақандай 45 жыл. Ашық дереккөз мәліметтерінде өнер иесінің бірінші жарының есімі Айгүл екені айтылады. Оның үстіне бес баласы бар екен.

Ерке Есмахан мен Raim

Желіде бірнеше күннен бері Ерке Есмахан мен Raim-ға қатысты ақпарат қызу талқыланып жатыр. Өйткені көпшілік бұл жаңалықты күтпеген секілді. Себебі Ерке Есмахан бұған дейін AZ лақап атымен танымал Азамат Зенкаевпен жұп екенін жасырмаған еді.

Ерке мен Raim жұп ретінде Еуропаны аралап үлгерген. Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, олар 2019 жылы да кездескен. 

@osektime3 #rek #рек #рекомендации #еркеесмахан #raim #raimartur #райм #раймерке #raimerke #erkeesmahan #az ♬ Дем - RaiM

Әншілердің құпия махаббат хикаясы әлеуметтік желі арқылы таралып кетті деуге болады. Өйткені пікір білдіргендер арасынан оларды "Еуропадан көрдім" дегендер табылған.

"Еуропада жүрді екеуі, мені бұғаттап тастады. Жақында онсыз да білесіздер", - деген Желі қолданушысы.

Ал кейінірек Raim лақап атымен белгілі әнші Райымбек Бақтыгереев әнші Ерке Есмаханмен қарым-қатынасы туралы қауесеттерге нүкте қойып, сурет жариялады. Суретте Ерке мен Райымбек Римдегі Санта-Мария-делла-Салюте шіркеуінің алдында орналасқан мейрамханада тамақтанып отыр.

Бұл - TikTok қолданушылары Raim-ның қолынан танып қойған сурет. Желі қолданушыларының арасында түрлі әңгіме тарауына тағы бір себеп - әнші Райымбек Бақтыгереевтің бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазановамен арақатынасы. Бұл туралы әншінің бұрынғы сүйіктісі Наргиза Instagram-парақшасында айтқан еді. Айта кетейік, TikTok-та көптеген адам Наргизаны белгілеп кеткен болатын. 

"Ең біріншіден, көп адам айтып жатқандай ол мені тастап кеткен емес. Екіншіден, иә, біз 7 жыл жүрдік. Ата-аналармен танысу болды, қыркүйекте той болуы керек еді. Бірақ бір нәрсе дұрыс емес болып кетті. Анық-қанығын айтпай-ақ қояйын. Мен оның ата-анасын сыйлағандықтан көп нәрсе айтқым келмейді. Ол арасында келетін. Онымен (Еркемен-еск.) қатар кездесіп жүрген. Бірақ мен екеуміздің арақатынасымызды үзуге шешім қабылдағаннан кейін болған нәрселер. Ол ешқандай да опасыздық емес", - дейді Наргиза.   

Ал кейінірек Ерке Есмахан да Райымбек Бақтыгереевпен түскен суретін Instagram-да жүктеп, "жүрегінің иесіне" алғыс білдіретін жазба жариялады. Оның сөзінше, Райымбек қазір "өсек", "хайп" атты майданда жүр.

"Қазақ ер-азаматтың басын алтынға теңеп, ерекше құрметтейді. Әр қазақ отбасында тәрбие сондай: үлкен болсын, кіші болсын ер адамды сыйлайды. Мен дәл бүгін "жүрегімнің иесіне" ризашылығымды білдіргім келіп тұр. Мен үшін, біз үшін, біздің махаббатымыз, болашағымыз үшін әлемге қарсы тұрып, өз қазағымыздан мені қорғап, "өсек", "хайп" атты майданда жүр Райымбек батыр. Батыр атына лайық жігітім иманымен, ер жүрек шыншылдығымен, қарапайымдылығымен, риясыз мені сүйе алатын, ақынжанды болмысымен ерекше. Тым тұйық болса да, жан сырын мен өте жақсы түсінемін. Жанымыз егіз", - деп жазды ол.

Мереке Қалбаева мен Әрсен Акиев

Қалың көпшілікке "Жайдармандағы" "Тек қана қыздар" командасы арқылы танымал болған Мереке Қалбаева да екінші жартысын алыстан іздемеген. Оның жары - актер, әзілкеш Әрсен Акиев. Бұл жұптың шаңырақ көтеруі де біраз уақыт талқыланған болатын. Себебі бұл жұпта да айтарлықтай жас айырмашылығы бар. Дәлірек айтсақ, 6 жас.

"Мереке жас жігітке шығып жасарды, арықтап әдемі болып кетті" дейтіндер көп ше. Мен арықтадым сосын жолықтырғам бұл жанды. Бұрынғы түр фигурамен біреуді сындыру өте қиын. Не болса да күйеуге шыққан соң кімнің кім, ненің не екенін түсіндім. Жас болса да бас, ақылды, қамқор. Үйде Арсен бастық, мен сыртта бастықпын!" - деп жазған ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мереке Калбаева (@merekusha.k)

Жұлдызды жұп "The Эфир" жобасының қонағы болып, шаңырақ көтерер алдында қандай қиындық кездескенін айтқан еді.

"Екеуміз жақтан да туыстардан ондай әңгімелер болмады. Бір сөз естіген жоқпыз. Мен жақтағылар басында қарсы болды дедім ғой. 1992 жылғы інім дұрыс емес деп қабылдады. Менімен сөйлеспей қойған кездері де болды", - деген еді Мереке.

Мерекенің сөзінше, алғашында оның анасы Әрсен екеуінің маxаббатына күмән келтірген екен. Тіпті олардың шаңырақ құруына қарсы болған.

"Бірақ анам өз ойын айтып тұр ғой. Сен жас баланың өмірін құртасың деді. Ертең қанша әңгіме болады. Маманың ең қатты уайымдарының бірі - Әрсеннің Аралдан екені. Түрің әбіржіп кетеді деп тұр ғой жалпы (...) Ана болғаннан кейін сол екен ғой, әр нәрсені ойлап", - дейді Мереке.

Ал сұxбат барысында Әрсен Мерекенің қылықтарын ұнатып қалғанын айтқан еді.

Актриса Мереке Қалбаева кеше ғана Желіде Ерке мен Raim-ның қадамын қолдап, өздері туралы да айтқан еді.

"Өте қатты риза болдым, Raim батырға. Жігіт сүйсе алады. Ерке Есмахан кейбір 97 жылғылардан жас көрінеді. Әңгіме жаста емес. Ерке, жарайсың. Махаббат ештеңеге қарамайды. Бақыт тілеймін, күшті жұпсыздар, кім не десе де сайсыздар. Біраз нәрсе жазылады. Мысалы, маған Әрсенге тұрмысқа шыққан кезімде "өліп қалсын" деген. Ондайдың талайын еститін шығарсыздар. Берілмеңіздер. Мұнымен "жас жігітті сындырып алыңдар" деп үгіт-насихат жүргізіп жатқан жоқпын. Жалпы, қолдап жатырмын", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАЗАҚСТАН ЖҰЛДЫЗДАРЫ (@kaz.stars)

Қазір бұл жұптың бір ұл, бір қызы бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мереке Калбаева (@merekusha.k)

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали

Желіні дүр сілкінткен жаңалықтың бірі әнші Айқын Төлепберген мен КешYOU тобының экс-солисі Жұлдыз Өмірғалидің шаңырақ көтеруі болды. Желіде Жұлдыз Өмірғалиге сырға салынып жатқан видео тараған еді.

Видеода бір топ адамның Жұлдыз Өмірғалиді үйінен шығарып салып жатқаны көрінеді. Ал кейін Айқын оны сүйіп, көтеріп алып бара жатады.

Алайда Айқын Төлепберген бұл кадрлардың фильм түсірілім жұмыстары кезінде түсірілгенін айтқан болатын. Әнші мұның қандай фильм екенін айтқысы келмеген еді. 

Жұлдыз Өмірғали Тұрар Рысқұлов атындағы техникалық университетті тәмамдаған. Ол КешYOU тобына 2014 жылы келіп, кейін жеке өнер көрсетіп, топтан бөлек шығып кеткен еді. 

Қазір бұл жұптың отбасылық өмірі көпке мәлім әрі олар бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Айта кетейік, Айқын Төлепберген бұған дейін де шаңырақ көтерген еді. Әншінің бірінші некеден де бір ұл, бір қызы бар.

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Абайқызы

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов пен әнші, КешYOU тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Абайқызының шаңырақ көтеруі де Желіні шулатқан еді. Өйткені Дәурен Айдарқұлов бұған дейін де отбасылы болған. Олар 2016 жылы "Гламур для дур" фильмінің түсірілімінде танысып, бас қосқан. Алайда 2020 жылы Дәурен мен Ақбота ажырасатындарын мәлімдеген еді. Бүгінде Ақбота мен Дәуреннің Ибраһим есімді ұлдары және Аиша есімді қыздары бар.    

Nur.kz мәліметінше, Дәурен де Ақбота-Нұрмен осы фильмінің кастингі кезінде танысқанын айтқан.

"Төрт жыл бұрын "Гламур для дур" фильміне кастинг кезінде Ақботамен танысып, өмірім түбегейлі өзгерді. ...Жаратқан мен Боташқа Ибрахим мен Аиша үшін алғыс айтамын", - деп жазған еді ол 3 жыл бұрын.

Олар заңды түрде ажырасқан.

"Соңғы күндері менің отбасылық жағдайыма алаңдаушылық танытып сұрап жатқан жүректеріңізден айналдым. Иә, Дәуренмен ара-қатынасымыз заңды түрде тоқтады! Ендігі жерде ешкімді кінәлап, біреуді даттаудың керегі жоқ шығар. Саналы түрде осындай шешімге келдім", - деген еді Ақбота.

Әнші Ақбота-нұр Instagram-парақшасында бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен ара-қатынасы қандай екенін айтқан еді.

"Қалай болуы керек? Әрине, жақсы. Бізде сәтсіз болғаны - ол арадағы неке ғана. Ал тұлға ретінде бір-бірімізге сәлеміміз, құрметіміз орнында! Балаларымның әкесі, әр басқан қадамына сәттілік тілеймін!", - деді актриса. 

Еске салайық, бұған дейін жасырын үйленіп алып, ел арасында қызу талқыланған танымал өнер иелері туралы материал жариялаған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова