"Әрқайсының 8 саусағы". Атырауда үсік шалған ер адамдарға ота жасалды

"Әрқайсының 8 саусағы". Атырауда үсік шалған ер адамдарға ота жасалды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов©

Атырауда үсік шалған ер адамдарға ота жасалды. Дәрігерлер екеуінің де саусақтарын кесуге мәжбүр болған, - деп хабарлайды AtyrauPress

Атырау облыстық ауруханасы мәліметінше, ер адамдарға кеше ота жасалған.

"10 қаңтарда облыстық ауруханаға 1974 және 1980 жылы туған екі ер адам келді. Олардың қолы үсіп кеткен. 17 қаңтарда ота жасалды, нәтижесінде әрқайсының қолындағы 8 саусақ кесілді. Науқастардың жағдайы орташа, тұрақты. Қазір олар хирургия бөлімінде", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 10 қаңтарда Атырау облысында ауа райы минус 26 градусқа дейін төмендеді. Сол күні облыстық ауруханаға екі адам үсік шалу диагнозымен жүгінген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова