Бүгін бірнеше қаладағы метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Бүгін бірнеше қаладағы метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

18 қаңтарда Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Бұл қалалардағы метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына алып келеді. Көптеген қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіліп отыр. 

Астанада ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыс, секундына 2-7 метр жылдамдықпен солтүстік-батыс желге ауысады. Ауа температурасы күндіз 13-15 градусқа дейін, түнде-27 градусқа дейін жетеді. Елордада ауадағы күкіртті сутектің 1,8 есе артуы мүмкін.

Алматыда бұлт аз, жауын-шашынсыз, жел секундына 0-5 метр болады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 5-7 аяз. Ауада тоқтатылған PM2.4 бөлшектерінің шекті рұқсат етілген концентрациясы 3,2 есе, сондай-ақ азот диоксиді 2,7 есе артады.

Шымкентте күн жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15 аяз. Метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, дегенмен қалада ауаның ластану деңгейі төмендейді деп болжанып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина