Шымкентте үш адам өлі табылды

Шымкентте үш адам өлі табылды

Шымкентте үш адам өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар газдан уланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап. 

Шымкентте Спортивный ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен 13 қаңтарда 55 жастағы әйел мен 20 жастағы жігіттің денесі табылған.  

Оқиға орнына келген "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ШПФ авариялық бригадасы тексеру кезінде бірқатар бұзушылықды анықтаған. Лоджияларға ағынды су жылытқышы мен 4 оттықты газ плитасы орнатылған. 

Тағы бір адамның денесі 15 қаңтарда Самал-3 ықшамауданында табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1991 жылғы әйел газдан уланып қайтыс болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина