Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет мамандары алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен елдің бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында қар мен боран болады. Отырықшы антициклон және арктикалық ауа массалары температура фонында күрт өзгерістер тудырмайды: аяз әлі де сақталады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 15 қаңтарда Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина