Қызылордада атыс болды

Қызылордада атыс болды
Фото: Polisia.kz

Қызылордада 10 қаңтарда сағат 01:30-да лаундж-барлардың бірінде екі тұрғын  арасында жанжал болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматика тапаншасымен оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстады. Дәлелдер алынды.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қызылорда қаласы ПБ Тергеу бөлімінің бастығы Асылбек Бексейтов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек