Кейбір жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

Кейбір жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
Фото: Tengrinews.kz

Тасжолдардың 23 учаскесінде ауа райы қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК-ға сілтеме жасап.

"Ақмола, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қар көп жауғанына, боран соғуына, жол көрінбеуіне байланысты республикалық тасжолдар жабылды", - деді компания өкілі.

Ақмола облысында жеті учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген. Жетісу облысында екі учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді: "Алматы-Өскемен" 557-615 шақырым, Үшарал қаласы-Абай облысының шекарасы.

Жүк және қоғамдық көлік үшін мына жолда шектеу енгізілген: 5 қаңтар сағат 06.00-ден бастап "Сарыөзек-Көктал" 45-68 шақырым, (Алтын Емел).

Абай облысында алты учаске жабылды. Шығыс Қазақстан облысында да алты учаскеде қозғалыс шектелді. Ал Қостанай облысында екі учаскеде қозғалыс шектелді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова