Шымбұлаққа барғанда қалай кезек күтіп қалмау керегі айтылды

Шымбұлаққа барғанда қалай кезек күтіп қалмау керегі айтылды
Фото: shymbulakmountainresort

"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында мереке күндері және жаңа жылдан кейінгі демалыс күндері ұзын сонар кезек байқалды. Курорт қызметкерлері кезекті болдырмаудың ең тиімді жолын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Демалыста шипажайға келушілер санының артқаны байқалады. Төмендегі кеңестер сіздің демалысыңыз бен көңіл күйіңізді бұзбай, кезекке тұруға көмектеседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ГОРНЫЙ КУРОРТ SHYMBULAK (@shymbulakmountainresort)

  • Курортқа бару үшін таңғы абонемент сатып алған жөн. Мұндай абонемент 8:00-ден 14:00-ге дейін жарамды (онымен 9:00-ден 13:30-ға дейін сырғанай аласыз).
  • Егер қарбаласқа түсіп қалсаңыз, курорт аумағында күте тұрғаныңыз жөн (мейрамханалар, кафелер, тау-шаңғы мектебінің ғимараты немесе жалға берілетін үй-жайы болуы мүмкін).
  • Әдетте адамдардың "Медеу" базалық станциясына 16:00-ден бастап түсе бастайды, сондықтан осы уақытқа дейін түсіп алғаныңыз жөн.
  • Көбінің көтерілу уақыты шамамен 12:00-ден басталады. Сағат 20:00-ге қарай - азяды.

"Барлық сырғанаушы үшін маңызды ақпарат: егер сіз 17:00-ге дейін сырғанауға абонемент сатып алсаңыз, "Медеу" базалық станциясына 24:00-ге дейін түсуге болады.

Жаяу жүрген туристер үшін де "Медеу" базалық станциясына 24:00-ге дейін түсу қажет", - делінген хабарламада.

@aiger.dan Алматы #алматы #алматыказахстан #чимбулак #шымбулак #рек ♬ оригинальный звук - Aiko’sha

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек