Боран, қар, көктайғақ. Бүгінгі ауа райы болжамы

Боран, қар, көктайғақ. Бүгінгі ауа райы болжамы

Қазгидромет 4 қаңтар күні болатын ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР аумағы бойынша циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты қар жауады, батыста, шығыста, оңтүстік өңірінде - жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, ҚР батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қостанай облысының шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының тау асуларында, түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз Қарағанды облыстарында, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күшеюі болжанады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова