Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Әлихана Сәриева

Алматылықтарға 3 қаңтарда болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертілді. Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматыда көшпелі бұлт болады, кейін жауын-шашын жауып, қар жауады. Оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 0-2 градусқа дейін көтеріледі.

"3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдай қаладағы атмосферада лас заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейінің жоғарылайды", - деп хабарлады Қазгидромет өкілдері.

Синоптиктер 2 қаңтарда Алматы ауасында азот диоксиді екі есеге артқанын түсіндірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек