"Мен дайынмын". Шавкат Рахмонов UFC-ге үн қатты

"Мен дайынмын". Шавкат Рахмонов UFC-ге үн қатты
Фото: ©UFC

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жаңа жекпе-жегі туралы UFC-ге үн қатты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі күн бұрын оның жекпе-жегі қарсыласы Джефф Нилдің жарақатына байланысты болмай қалғаны белгілі болды. Олар 14 қаңтарда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 217 турнирінде кездесуі керек еді.

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жегі өтпейтін болды. Оның себебі айтылды

Бір күн бұрын қазақстандықтың бірінші үміткері пайда болды. Аз уақытта АҚШ-тың тағы бір файтері Рахмоновқа қарсы шығуға шешім қабылдады. Брайан Барберена жеңіл салмақта жұдырықтасуды ұсынды.

Бұл қазақстандыққа ұнайтыны және ол Вегастағы турнирді жіберіп алғысы келмейтіні анық.

"UFC, мен дайынмын, ол дайын, тағы не керек?" - деп жазды Рахмонов Instagram-парақшасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек