Қазақстандықтар несиені қандай мақсатта алатыны айтылды

Қазақстандықтар несиені қандай мақсатта алатыны айтылды

Биыл, 1 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстанда кредит деңгейі 21,5 триллион теңгеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 24,9 пайызға көп. Ranking.kz сарапшылары қазақстандықтар кредитті не үшін алатынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кредиттеу объектілері бойынша ең көп көрсеткіш азаматтардың тұрғын үй салу және сатып алу сегменті, яғни ипотека екені анықталды: +44,8 пайыз, яғни 4,6 триллион теңге. 

Одан кейін азаматтардың тұтыну мақсатына алатын қарыздары 7,3 триллион теңгеге жеткен. Сондай-ақ кәсіпкерлерге айналым қаражатын сатып алуға кредит беру де өскен: 3,2 триллион теңге. 

Жылдық динамикада өсудің негізгі қорларын сатып алуға арналған несиелеу сегментінде көп тіркелмеген, ал басқа сегменттер мүлдем минусқа кеткен: жаңа құрылыс және қайта құру 7 пайызға және бағалы қағаздарды сатып алу бірден 15 пайызға азайған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина