Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 24 желтоқсанда сағат 10:50 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 1270-ші шақырымында (Арал ауданы) болған.

Ведомство мәліметінше, Lexus көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

Аталған факт тіркеліп, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова