Атырауда жаңа жылды тойлауға 31 миллионнан аса қаражат бөлінген

Атырауда жаңа жылды тойлауға 31 миллионнан аса қаражат бөлінген
Фото: "Хабар 24"

Атырауда жаңа жылды тойлауға бюджеттен 31 миллионнан астам қаражат бөлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, бұл қаржыға Исатай мен Махамбет алаңына қойылатын 12 метрлік бас шырша сатып алынады. Сондай-ақ Нұрсая, Вокзал маңы ықшамаудандары мен Дина Нұрпейісова атындағы музыка академиясының маңына әрқайсысы 9 метр болатын тағы үш жаңа шырша орнату жоспарланып отыр.

2020, 2021 жылдары елдегі карантин шектеулеріне байланысты жаңа жылдық іс-шаралар үшін бюджеттен ақша бөлінбеген еді.

Ал 2019 жылы 44 миллионға жуық қаржы қарастырылыпты. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, биыл мерекелік безендірулерге шаһардағы мекемелер де, демеушілік көмек көрсетуге ниет білдіріпті.

"Бұл бөлінген қаражат осы Атырау қаласының қажетті шараларына бөлінген ақша. Сол себепті ол мерекелік шара ретінде біздің жаңа жылға бөлінген қаражат үлкен ақша деп айта алмаймын және ол қажетті. Ал аз қамтылған отбасыларға біз өз тарапымыздан келер жылға баспана мәселесі бойынша қалалық әкімшілікпен қаралып жатыр", - дейді қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұқанов.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина