Жамбыл облысында 3 адам газдан уланып, қаза тапты

Жамбыл облысында 3 адам газдан уланып, қаза тапты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өткен тәулікте республика бойынша 14 адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Жамбыл облысында 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 желтоқсанда Семейде пешпен жылытылатын 2 қабатты тұрғын үйдің екінші қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан, түтін мұржасының тартылуының болмауына байланысты улы газдан уланып, 1994 жылы туған, 1971 жылы туған және 1997 жылы туған 3 адам ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, 19 желтоқсанда Астанада пешпен жылытудың ақаулығына байланысты 2 қабатты жеке тұрғын үйде орташа ауырлықтағы улы газдан уланып, 1970 жылы туған, 1990 жылы туған, 1994 жылы туған, 2012 жылы туған, 2015 жылы туған, 2018 жылы туған азаматтар ауруханаға жеткізілді.

2022 жылғы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевск кентіндегі орталық ауруханасына улы газдан улануы мүмкін 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Апат жігіт ваннада болған кезде тазаланбаған мұржаның салдарынан болған. Алтай ауданы ТЖБ қызметкерлерінің тексеруі бойынша улы газ пеш қабырғасындағы жарықтар арқылы монша үй-жайына түскені анықталды. Үй иесіне қатысты пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 1983 жылы туған үй иесіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 410-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Бұған дейін ТЖ қызметінің мамандары осы үйге барып, қауіпсіздікке нұсқау берген.

Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жеке тұрғын үйде 18 желтоқсанда газ колонкасын пайдалану ережелерін бұзғандықтан, улы газдан уланып, ауыр жағдайда 1959 жылы туған үй иесі және 1990 жылы туған азамат, сондай-ақ, 11 және 7 жастағы балалар ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнына ТЖД-ның 1 қызметкері және "ҚазТрансГазАймақ"АҚ-ның 3 қызметкері барды.

Жамбыл облысында 19 желтоқсанда улы газдан уланып, бірнеше адам қаза болды. Қонаев ауылынан 40 шақырым қашықтықта "Шәріпхан" шаруа қожалығында жеке тұрғын үйде, бұрын қатты отынмен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзғандықтан, улы газдан уланып, 1965 жылы туған, 1969 жылы туған және 2008 жылы туған отбасының 3 мүшесі қайтыс болды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамның 2 адамы мен 1 бірлік техникасы шықты.

"Құрметті азаматтар! Ықтимал қайғылы салдардың алдын алу үшін үнемі абай болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.

ҚР ТЖМ халыққа жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін жағдайды уақтылы жоюды ұсынады. Ол үшін пештердегі жарықтарды жойып, мұржаларды 3 айда кемінде 1 рет тазалау, аязда пештерді қатты қыздырмау, от жағу үшін көлемі от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажет. ТЖ туындаған жағдайда "112" нөмірі бойынша хабарлау қажет", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек