Қызылордада Антикордың жалған қызметкері әшкере болды

Қызылордада Антикордың жалған қызметкері әшкере болды
Фото: gov.kz

Қызылордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жалған қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, 1988 жылы туған ер адамды ұстаған. Ол өзін "Антикордың Қызылорда облысы бойынша өзіндік қауіпсіздік қызметкері" ретінде көрсетіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналастыру сылтауымен қала тұрғынын алдау және оның сенімін пайдалану арқылы 500 000 теңге сомасындағы ақшасын иемденген.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейтіні хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова