Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, бұрқасын болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, бұрқасын болады

Қазгидромет 12 желтоқсанда Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыста, облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метр жел соғады.

Солтүстікте, шығыста, Шығыс Қазақстан облысының орталығында да бұрқасын болады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында қарлы боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, түнде батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда күндіз бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

12-13 желтоқсанда оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі.

12-13 желтоқсанда Таразда тұман күтіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова