Қайрат Нұртастың інісі жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады

Қайрат Нұртастың інісі жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Қайрат Нұртастың інісі, AlZaBi тобының мүшесі Заңғар Нұртас жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, биыл шаңырақ көтерген әнші әйелі Жібекпен ажырасып кеткен деген қауесет тараған болатын. Заңғар да, әйелі Жібек те әлеуметтік желідегі парақшаларында бірге түскен фото және видеоларын өшіріп тастағаннан кейін Желі қолданушылары олар ажырасып кеткен деген ойға келген. 

Әнші мен әйелінің парақшаларында оқырмандары уайымдап, бұл оқиғаның мән-жайын сұрай бастаған. Алайда бұл тек хайп және жалған ақпарат деп сенбегендер де болған. 

"Ажырасып кеткен бе?" Желіде Қайрат Нұртастың інісіне қатысты қауесет тарады

Бірақ жақында Заңғар үнсіздікті үзіп, жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады. 

"Құрметті дос, бауыр, оқырман! Пенденің басына не келіп, не кетпейді. Өтініш, жеке өміріме араласпауларыңызды сұраймын! Аллаға шүкір, бәрі өз орнымен", - деп жазды Заңғар Instagram-парақшасында.  

Айта кетейік, Заңғар да, Жібек те әлеуметтік желідегі парақшаларында әлі де бір-біріне жазылған. Жібек бұл жайтқа қатысты пікір білдірмеген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина