Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 8 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік шығыстан жел соғады, соққан желдің тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с жетеді.

 Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, қар ұшқындайды деп күтіледі. Солтүстік шығыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Тараз қаласында тұман болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова