Марлен мен Әнел ұзақ уақыттан кейін балалы болды

Марлен мен Әнел ұзақ уақыттан кейін балалы болды

Желіде танылған жұп Мәрлен мен Әнел ұзақ уақыттан кейін балалы болды. Бұл қуанышты жаңалықты олар Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнел бір өкпесінен айырылған, ал екінші өкпесі 30 пайызға ғана жұмыс істейді. Ол ұзақ уақытқа дейін арнайы құрылғы көмегімен тыныс алып келген. 

Ал ұзақ уақыттан кейін олар сәбилі болып отыр.

"Қош келдің, ұзақ күткен ботам.  Осы сәтті көрсеткен Аллаға сансыз шүкір. Сенін иісін бөлек қой ботақаным. ...Мен негізі босандым, аман-есен перзентханадан шыққан болатынбыз, қазір қайта перзентханаға оралдық, Аллаһтың қалауы солай болып тұр. Сәби сүйгісі келіп жүрген отбасыларға жұғысты болсын", - деп жазған ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марлен ∞ Анель (@marlenaneska)

Әнелдің айтуынша, олар 10 жыл бойы бірге болған.

"10 жыл бойы менімен сабыр сақтап, бір сәт бетіме баспай, сонына дейін Аллаһтан дұға сұрап, үмітін үзбеген Марленге Раббым сәби берді. Басқа балаларды қатты жақсы көретін Мәрлен, өз баласын қалай жақсы көретінін сезетін боларсыздар", - деген ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марлен ∞ Анель (@marlenaneska)

Айта кетейік, Марлен мен Әнел әнші Ернар Айдардың "Күнім сен сөнбеші" әнінің клипіне түсіп, ел арасында танылған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова