Синоптиктер ауа райына байланысты мәлімдеме жасады

Синоптиктер ауа райына байланысты мәлімдеме жасады

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Мамандардың сөзінше, Қазақстанның көп аумағында әлі де суық антициклон сақталады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың шығысында, орталығында және оңтүстігінде, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда кейде қатты қар жауады.

Аяз біртіндеп азаяды: батыста түнде 5-15-ке дейін, күндіз 0-5-ке дейін аяз, солтүстікте түнде 18-28-ге дейін, күндіз 12-17-ге дейін аяз, орталықта және шығыста түнде 22-30-ға дейін, күндіз 13-20-ға дейін аяз, ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 13-25-ке дейін, күндіз 8-18-ге дейін төмендейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина