Атырауда күшіктің мойнына тас байлап, суға батырмақ болғандар іздестіріліп жатыр

Атырауда күшіктің мойнына тас байлап, суға батырмақ болғандар іздестіріліп жатыр

Ерікті, жануарлар құқығын қорғаушы Мамучар Карлович Атырау тұрғыны хабарласып, өзен жағасында түнімен ыңырсып шыққан күшікке көмектесуін сұрағанын айтады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылым мәліметінше, ерікті оқиға орнына келгенде мойнында тас байланған кішкентай күшікті көрген. Жануар суда жартылай отырған. Карлович оны біреу әдейі суға батырмақ болғанын айтады. Жануарларды қорғаушы итті құтқару үшін аяқкиімін шешіп, жалаңаяқ өзенге түсуге мәжбүр болыпты.

"Күшік төрт айлық. Біреу мойнына әдейі тас байлап, өзен жағасына алып келген сияқты. Ол бейшара түні бойы ыңылдап адамдарды көмекке шақырған. Күшік гипотермиямен ауырады. Аш және қатты қорқып қалған. Біз оған көмектесіп, жаңа отбасын іздейміз", - дейді волонтер. 

Итке бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Облыстық Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова