Жарнама Қысты Joule ақылды жылытқышымен қарсы ал: жылуын сезін де, 50 пайыз үнемде

 Қысты Joule ақылды жылытқышымен қарсы ал: жылуын сезін де, 50 пайыз  үнемде

Бірегей қыздыратын технологиясы бар, үнемді әрі экологиялық таза Joule инфрақызыл жылытқышы алғаш рет қосылған сәттен бастап-ақ ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл – эстетикалық сәннің, жылдам әрі біркелкі жылытудың және үнемді қуат тұтынудың тамаша үйлесімі.

Құрылғыда пайдаланылатын жылыту технологиясы инфрақызыл және конвекциялық әдістерді біріктіреді. Бұл қуаты 700 Вт жылытқыштың жылуды жоғалтпай, ең жоғары мүмкіндіктерінде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, өйткені Joule ауаны емес, тікелей бөлмедегі заттар мен адамдарды жылытады. Бұл жылытудың ең табиғи әдісі.

Үнемді Joule жылытқышы бөлмеге әдеттегі жылытқышпен салыстырғанда қуат шығынын 50%-ға төмендетіп, максималды жылу береді. Joule жылытқышын 24 м2 дейінгі кеңістіктерге қолдануға болады.

Шығындарды төмендету үнемді инфрақызыл жылыту технологиясының және смартфон арқылы қолданбадағы кесте мен температураны реттеу мүмкіндігі бар смарт опциялардың, сондай-ақ берілген температураны сақтау мүмкіндіктерінің арқасында қол жеткізіледі. Қажетті температураны белгілеген режим кезінде, Joule жылытқышы бөлмені қажетті температураға дейін жылытады және біраз уақытқа өшеді. Осылайша, жылытқыш қажет болған кезде ғана жұмыс істейді.

Жылытқыш мүлдем дыбыссыз жұмыс істейді, жағымсыз иістерді шығармайды, ауаны күйдірмейді. Мысалы, қыздыру элементінің бетіне түсетін шаң-тозаңды күйдіріп, үй ішінде күйік иісін тудыратын желдеткіш жылытқыштар мен әдеттегі конвекторларға қарағанда, Joule жылытқышы ауаны күйдірмейді. Микатермиялық қыздыру элементі жылтыр шыңдалған шыныдан жасалған екі сыртқы панельдің арасында «жасырылған». Жылыту механизмі белсенді «үрлеу» әдісін қолданбайды және ауа айналымына бағытталмаған және тиісінше ол шаңды көтермейді, бұл аллергиямен ауыратындар үшін маңызы зор. Joule үй ішіндегі заттарды қыздырады, содан соң олар жылу өткізгіштігінің арқасында жылуды ауаға «береді», осының арқасында табиғи конвекция пайда болады. Сондықтан экологиялық таза әрі қауіпсіз жылыту ауаны құрғатпайды, оттегіні күйдірмейді және бөлмеде белгіленген уақыт бойы қолайлы температуралық режимді сақтап тұрады.

Мобильді қосымша арқылы ақылды климат басқару және қашықтан басқару функциясының көмегімен жылытқышты қашықтан қосуға және өшіруге, қажетті температураны белгілеуге, таймер бойынша қосылу уақытын орнатуға, сондай-ақ энергия тұтыну статистикасын есепке алуға және энергия шығындарын бақылауға болады.

Жылыту құрылғысы термостат және қызып кетуден қорғау, құлаудан қорғау. Функцияларымен жабдықталған. Сонымен қатар, жылытқышқа гироскоп орнатылған, ол құлаған жағдайда құрылғының аударылуын анықтап, оны дереу өшіреді, дыбыстық сигнал шығарады және телефонға push-хабарландыру жібереді.

Жылытқыш зиянды заттар мен иістерді бөлмейтін қауіпсіз экологиялық таза материалдардан жасалған, соның арқасында құрылғының жұмысы аллергиямен ауыратын адамдар үшін ең қолайлы болып қалмақ.

Шыңдалған, берік шыныдан жасалған жұқа және жалпақ панель пішінді (қалыңдығы кемінде 10 мм), шағын әрі сәнді дизайнға ие жылытқыш кез келген интерьерге табиғи және эстетикалық үйлесімдік сыйлайды. Пайдаланушы ең қолайлы және ыңғайлы орнату әдісін таңдай алады (мысалы, еденге немесе қабырғаға). Орнатылуы оңай, арнайы дағдыларды қажет етпейді. Жинақ мыналарды қамтиды: еденге орнатуға арналған аяқтар және қабырғаға бекітуге арналған берік кронштейндер. Жылытқышты орнату көп уақытты қажет етпейді және көп қиындық тудырмайды.

Модель әртүрлі түсті шешімдердің, бірнеше монтаждау нұсқаларының (еденде, қабырғада көлденең немесе тігінен, тіпті төбеде) және жұқа корпусының (10 мм) арқасында қоршаған ортаға көрінбейтін түрде үйлесе алады немесе оны үй дизайнындағы басты орынға айналдыруға болады, ал мұны енді пайдаланушының өзі шешеді.

Энергияны үнемді тұтынатын Joule ақылды дизайнерлік жылытқышын Қазақстанда келесі дүкендер желісінен сатып алуға болады: «Sulpak», «Мечта»  және «Технодом».

А. Жапатова