Атырауда көлік ұрлаған ер адам қоқыс жәшігіне жасырынған - видео

Атырауда көлік ұрлаған ер адам қоқыс жәшігіне жасырынған - видео
Фото: Polisia.kz

Атырауда көлік ұрлап, қоқыс жәшігіне жасырынған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, 5 желтоқсанда сағат 20:00 шамасында 49 жастағы әйел 102-ге хабарласып, бес минут бұрын үйінің алдында оталып тұрған Nissan Almera көлігін белгісіз адам заңсыз айдап әкеткенін айтқан. Осы хабарлама бойынша тәртіп сақшылары сергек бейнебақылау жүйесі арқылы көліктің Әлиев көпіріне бағыт алып бара жатқанын анықтаған. Осылайша, патрульдік полицейлерге оның бағыты айтылған. Оқиға орнына жедел жеткен Батыс-15 қызметкерлері көлікті Махамбет-Сатыбалдиев көшесі қиылысында тоқтатқан. Ал күдікті полицейлерге бағынбай, қашып кеткен. Сонымен қатар, ол жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шығып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Кейін полицейлерден қашып, жақын маңдағы қоқыс жәшігіне тығылып қалған.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер күдіктіні ұстаған. Тексеріс барысында 34 жастағы ер адам "Көлікті айдап әкетуші" және "Қалта ұрысы" санатында есепте тұрғаны анықталған. Нәтижесінде көлік арнайы тұраққа қойылып, ұсталған ер адам жедел-тергеу тобына тапсырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова