Оқушысына алтын сыйлаған мұғалім Қазнетті тәнті етті

Оқушысына алтын сыйлаған мұғалім Қазнетті тәнті етті
Фото: Instagram

Instagram-да оқушысына алтын сыйлаған мұғалімнің видеосы тарап жатыр. Алғашында ұстазы оқушысына "1-орын алсаң, сыйлық беремін" деп уәде берген екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео kaztwitter Instagram-парақшасында жарияланған. Онда жарыстан орын алса, мұғалімінің "сыйлық беремін" деген уәдесі туралы айтылған. Алайда оқушы айтылған орынды алмаса да мұғалім сөзінде тұрған.

"Тарих апайым "Олимпиададан 1-орын алсаң, алтын алып беремін" деген болатын. Мен сөзімде тұра алмай, 2-орын алып қалсам да "сен бас жүлдеге лайықсың" деп, бәрінің көзінше алтын білезік сыйлады", - делінген видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaztwitter Kazakhstan (@kaztwitter)

Желі қолданушылары мұндай жылы көрініске жағымды пікірлер жазған.

"Осындай мұғалімдердің арқасында оқушылардың оқуға деген ынтасы өседі", "Мұғалім от бога", "Міне, мұғалім, оқушылар, жолдарың болған", "Қандай тамаша", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова