Қар, тұман, көктайғақ. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қар, тұман, көктайғақ. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысым ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аяз, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар әсерінен қар жауып, тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ күтіледі.

"Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді. 6 желтоқсанға қараған түнде Қарағанды ​​облысында, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында 35 градусқа дейін аяз күтіледі", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек