Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 3 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

3 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда секундына 15-20 метр.

Шымкент пен Түркістанда түнде және таңертең кей уақытта тұман болады. 

Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метр.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Алматыда түнде және таңертең тұман болжанады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұманды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек