Атырауда коммуналдық базар мемлекет меншігіне қайтарылды

Атырауда коммуналдық базар мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: 24.kz

Атырауда коммуналдық базар прокурор актісі бойынша мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды 24.kz.

Құны 1,3 миллиард теңге тұратын сауда орны ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер мен тұтынушы арасында делдалсыз сауда байланысы үшін салынған еді.

Кейін жекеменшік мекемеге болашақта сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Прокурорлар тексеру барысында сенімгер-мекеме өзінің шарттық міндеттемесін орындамай, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын негізсіз көтергенін анықтады. Жан-жақты сараптаудан соң "Сарайшық" коммуналдық базарын мемлекетке қайтару туралы сот шешімі шықты. 

"Осыған байланысты Атырау облыстық соты мен Атырау облыстық әкімдігінің прокурордың ұсынысы негізінде талап-арызы бойынша сенімгерлік басқару шартын бұзу бойынша шешімі шығарылып отыр. Айта кетейік, бюджет қаражатына салынған базардың маңызы жергілікті фермерлерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру еді", - деді облыс прокурорының көмекшісі Қанат Қабдолов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек