Нұржан Нұржігітов қызметіне қайта тағайындалды

Нұржан Нұржігітов қызметіне қайта тағайындалды
Фото: instagram.com/nurzhigitov_n

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Нұржан Нұржігітов 1967 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.

Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Ол Байзақ ауданы әкімі болған. Ал 2021 жылғы сәуірде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова