Мәскеулік әйел метрода телефонмен дауыс көтеріп сөйлескен жолаушыға пышақ ала жүгірген

Мәскеулік әйел метрода телефонмен дауыс көтеріп сөйлескен жолаушыға пышақ ала жүгірген
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Мәскеуде метрода телефонмен дауыс көтеріп сөйлескен жолаушыға пышақ ала жүгірген әйелдің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Осторожно, Москва Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Говорово мен Минск станцияларының арасында келе жатқанда қолында пышағы бар жолаушы 36 жастағы мәскеулікке шабуыл жасаған. Оған вагондағы көрші әйелдің телефонмен даусын көтеріп сөйлегені ұнамай қалған. Шабуыл жасаушы жолаушының бетінде жарақат қалдырған. Полиция қызметкерлері "Октябрьское поляк" бекетінде 50 жастағы әйелді ұстады.

Қазір бұл дерекке қатысты "Өлтiремін деп қорқыту" бабы бойынша іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек