1 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

1 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде Оңтүстік циклонның әсерінен қар жауады. Оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда кей уақытта қалың қар жауады, тек батысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын, еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Түркістан, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова