40 градусқа дейін аяз және қар. 30 қарашада ауа райы қандай болады?

40 градусқа дейін аяз және қар. 30 қарашада ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, еліміздің кейбір облыстарында 30 қарашада қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ болатынын болжайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік шығыстан батысқа ойыса 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында -40 градус аяз болады.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын болады (қар аралас жаңбыр). Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аумақтары мен тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Тау асуларында оңтүстік батыстан қатты жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шымкент қаласында тұман түсіп, көктайғақ болатыны болжанады.

Түркістанда да тұман, көктайғақ болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Өңірдің солтүстігінде, шығысында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды.

Алакөл аумағында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғарыға жетеді деп болжанады.

Синоптиктер республикамыздың көп бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонның ықпалында екенін, осыған байланысты аязды ауа райы сақталатынын ескертеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова