Әлем чемпионатының әнұранын орындайтын әнші кім?

Әлем чемпионатының әнұранын орындайтын әнші кім?
Фото: Видеодан алынған кадр

2022 жылы FIFA жанкүйерлерінің әнұранына айналған Тukoh Taka-ны орындайтындар арасында бұрын хит болған әнші Мириам Фарес те бар. Massaget.kz тілшісі Мириам Фарестің қандай әнмен танымал болғанын анықтады.

Бұл ән Желіде 18 қарашада пайда болған. Әнді реп орындаушы Ники Минаж, колумбиялық әнші Малума мен ливандық Мириам Фарес орындайды.

@myinstamovies #MyriamFares #TukohTaka #Qatar #qatar?? #worldcup2022 #worldcup #cristianoronaldo #cristianoronaldo7 #FYP ♬ Tukoh Taka - Official FFF Anthem - Nicki Minaj & Maluma & Myriam Fares

Мириам Фарес 2003 жылы жарыққа шыққан Ghamarni (Құшақта) әнінен кейін танымал болды. Бұл ән әлі күнге дейін қазақстандықтар арасында танымал.

Ол - ливандық әнші, биші, актриса және продюсер. Әндерін көбіне араб тілінде орындайды.

Мириам 1983 жылы 3 мамырда Ливанның Кфар Шелал ауылында дүниеге келген. Бес жасында ата-анасы қызды шығыс би студиясына, кейін балет мектебіне жібереді. Болашақ жұлдыз 10 жасында мемлекеттік телеарнадағы би байқауына қатысып, бірінші орынды жеңіп алды. Ал 2000 жылдардың басында Myriam атты алғашқы альбомын жазды. 

Өнер иесі Silina, Ettiham фильмдеріне түсіп, "Питер Пэн" мюзиклінде ойнаған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек