38 градус. Демалыста Қазақстанның көптеген аймағында аяз болады

38 градус. Демалыста Қазақстанның көптеген аймағында аяз болады

Демалыс күндері Қазақстанның көптеген аймағында күн күрт суиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны әсер етеді. Сондықтан солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасының күрт төмендейді және жауын-шашын тоқтайды.

Атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар түрінде жауын-шашын жауады, 26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қатты қар жауады. Республика бойынша тұман, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі секундына 15-28 метр, шығыста бұрқасынмен, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.

Түнде батыста ауа температурасы 5-15 аязға дейін аздап төмендейді, 26-27 қарашада солтүстік-батыста 20-30 аязға дейін, солтүстікте 23-36 аязға дейін, орталықта 17-34 аязға дейін, 27-28 қарашада шығыста 27-38 аязға дейін күрт төмендеуі болжанады, 27-28 қарашада ауа температурасы оңтүстік, оңтүстік-шығыста 5-15, таулы жерлі аудандарда 15-20 градус аяз дейін төмендеуі күтіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина