"Жаза берді-ау деп сөкпеңіздерші". Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына үн қатты

"Жаза берді-ау деп сөкпеңіздерші". Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына үн қатты
Фото: Instagram

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Желіде жазба жариялап, оқырмандарынан күйеуі туралы жазғандарына бола сөкпеуді сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, ішіндегісін жазып шығарғанды жөн көрген.

"Күніңнің жартысынан көп уақытын бірге өткізген адамның келмеске кеткенін қабылдау қандай қиын. Асүйдің төрі бос, сен жақсы көрген кеседен ешкім ішпейді, сен ұстаған қасыққа ешкім тимейді, жұмысқа киетін ақ көйлектерің енді ешқашан кірлемейді… Бір жыл бұрын жақынынан айырылған бір танысым "Ләйлә, қиынның көкесі қырқынан кейін басталады. Жалғыз қалғанда күресу екі есен қиын" деп жазып жіберіпті. Бірақ мен өзіме ұлдар үшін бәріне көнем, уәдемді орындаймын деп сөз бергем. Жаза берді-ау деп сөкпеңіздерші. Ішімдегіні жазып қана шығара аламын", - деген ол Желіде.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі туралы әсерлі жазба жариялаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова