Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласының ТЖ департаменті мәліметінше, "Қазгидромет" мекемесінің 2022 жылғы 20 қарашадағы № 18 ескертуінің негізінде таулы аймақтарда жауын-шашынның түсуіне байланысты, сондай ақ 20-21 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкінің түсуі қауіпі бар. Осыған байланысты таулардың қарлы беткейлеріне шығу ұсынылмайды.

Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.

- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.
- Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн-бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.
- Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.
- Рюкзактарда мына қажет заттар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторлар артық болмайды.
- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз. 
- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина