Демалыста ауа райы қандай болады?

Демалыста ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Солтүстікте, республиканың басым бөлігінде қар аралас жауын-шашын жауады.

"20 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болады. Республикада жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман күтіледі. Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта бұрқасын күтіледі", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова