Актер Еркебұлан Дайыровтың үшінші баласы дүниеге келді

Актер Еркебұлан Дайыровтың үшінші баласы дүниеге келді
Фото: Instagram/leila_tleuova

Танымал актер Еркебұлан Дайыровтың үшінші баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұндай қуанышты хабарын өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті.

"Рақмет баршаңызға, Алла разы болсын!" - деп жазған актер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Еркебулан Дайыров (@erkebulan_dairov)

"Құрметті достар, құттықтауларыңызды көріп жатырмын, жауап беріп үлгермей жатырмын. Рақмет сіздерге, Алла разы болсын. Біз енді гастрольдік сапармен Шымқалада жүрміз. Бүгін бұйырса Sham театрының N37 спектаклін қоямыз, сондықтан жауап бере алмай жатырмын. Баршаңызға рақмет", - дейді актер видеода. 

Желі қолданушылары актерді құттықтап, пікір қалдырған. 

"Бауы берік болсын!", "Құтты болсын ағасы! Алтын тонның жағасы! Өзіңіздей талантты батыр! Лейлочкадай сұлу, ақылды болсын", "Қуанышты хабар! Бауы берік болсын, құтты болсын", "Бауы берік болсын, аға! Өзіңізден аумайтын мықты жігіт болсын!" - деп жазған пікір қалдырғандар.

Айта кетейік, театр және кино актері Еркебұлан Дайыровтың жары Лейла Тлеуова да театр актрисасы. Жұптың Кәусар, Сәлима есімді екі қызы бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек