Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 11 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар аймақта көктайғақ болып, тұман түседі.

Астанада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұрқасын, коқтайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова