Жаңбыр, қар, көктайғақ: Бүгінге арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, қар, көктайғақ: Бүгінге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 3 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның барлық аумағында құбылмалы күн райы сақталып, қар аралас жаңбыр жауады. 

Республика бойынша тұман, екпінді жел болуы мүмкін. Елдің батысы мен солтүстігінде бұрқасын, солтүстік, батыс және орталықта көктайғақ күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жауады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова