Мәскеу орталығында үшқабатты үй өртенді

Мәскеу орталығында үшқабатты үй өртенді
Фото: ren.tv

Мәскеу орталығында 200 шаршы метр аумақтағы үшқабатты үй өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресей ТЖМ Бас басқармасы мәліметінше, өрт туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.24-те (Астана уақыты бойынша 19.24-те) белгілі болған.

"Өртсөндірушілер келген кезде 3-қабаттың терезелерінен үй өртеніп жатқаны байқалған. Ғимарат үшқабатты, кірпіштен қаланған, ескі ғимарат. Өрт ауданы 200 шаршы метр болады", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кейінірек өрт сөндірілген. Өртсөндіруге 100 адам және 29 техника жұмылдырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова