Атырауда полиция күмәнді шабадан кесірінен базар маңын қоршауға алды

Атырауда полиция күмәнді шабадан кесірінен базар маңын қоршауға алды

Атырау облысы полициясы күмәнді шабаданның кесірінен "Арын" құрылыс базары маңындағы аумақты қоршауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 28 қазанда таңертең болған.

"Атырау қаласы аумағындағы күмәнді шабадан мен қап туралы хабарлама түсті. Полицейлер жедел әрекет етіп, осы шабаданда киім-кешек барын анықтады", - деді облыстық ПД өкілі.

Бұл оқиға Атырау тұрғындарын үрейлендірген, олар оқиға орнынан суреттер жариялай бастаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова