СҚО мен Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан жабылған жолдар қайта ашылды

СҚО мен Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан жабылған жолдар қайта ашылды
Фото: Көрнекі сурет 78.mchs.gov.ru

Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдар қайта ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.

"Республикалық маңызы бар жолдар ашық. Қазанның 22-нен 23-не қараған түні республикалық маңыздағы жолдарды қардан тазалауға 162 қызметкер және 103 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы 647 метр куб материал жұмсалды", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек