Бүгін Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады

Қазгидромет 22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін солтүстік циклон ойпатының әсерінен және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Қазақстан бойынша жел күшейеді, республиканың батысында, солтүстік-батысында және орталығында тұман түседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова