Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: TengriNews

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидромедке сілтеме жасап.

16 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. 

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек